00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елорданың жасыл белдеуіне 150 қырғауыл жіберілді

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елорданың жасыл белдеуіне 150 қырғауыл жіберілді
ашық дереккөз

Бұл құстардың екінші легі екенін айта кеткен жөн. 700 бас көлеміндегі бірінші партия осы жылдың сәуірінде жіберілді.

Оқи отырыңыз: Елорда маңындағы жасыл белдеуге 700 қырғауыл жіберілді

Табиғат ортасына шығарылған қырғауылдарды «Астана орманы» ЖШС орманшылары үнемі бақылауда ұстайды, қажет болған жағдайда қысқы уақытта қосымша қоректендіру жүргізіледі.

Жасанды орманның өсімдіктер дүниесін құру жануарлар дүниесін дамытумен қатар жүруі керек. Сондықтан жасанды қырғауылдарды өсірудің басты мақсаты – елорданың жасыл белдеуінің жасанды түрде құрылған аумағын олармен қанықтыру.

Сонымен қатар қырғауылдардың мекендеу ортасының кеңеюі жаңа аумақтарды қоныстандыру және орманға зиян келтіретін жәндіктерді жою есебінен қол жеткізіледі. Қырғауылдарды орман аумағына жіберу зиянды жәндіктердің санын азайтуға көмектеседі. Сонымен қатар, жасанды түрде өсірілген қырғауылдарды табиғи саябақтар мен жасыл аймақтарға жібере отырып, эстетикалық мақсатта да пайдалануға болады.