00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордадағы құрбандық шалу орындары

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордадағы құрбандық шалу орындары
ашық дереккөз

Қала мешіттерінде 9 шілде күні таңғы сағат 7.00-де Айт намазы оқылады.

Нұр-Сұлтанда құрбандық шалуға болатын жеті орын белгіленген:

Байқоңыр ауданында:

«Жайлау» базары, Алаш тасжолы, Ц 313 көшесі;

«Big Шанхай» базары, Алаш тасжолы 34/6 ("Көк базар" арты);

«Шопан ата» базары («Рубик» және «Әмір» базарларының арасы);

«Баракат» базары, А 369 көшесі, № 10 ғимарат;

«Шәушен» шаруа қожалығы, Алаш тасжолы, 136 Б;

«Темеш» шаруа қожалығы, айналма жол 229, 1а.

Сарыарқа ауданында:

«Ұлжан» әмбебап базары (бұрынғы «Саянұр» базары), Тілендиев даңғылы, 24.

Құрбандыққа шалынған мал еті көмекке мұқтаж жандарға таратылады. Құрбан айт мерекесінде «109» Call-орталығы тәулік бойы жұмыс жасап, халықты құрбан шалу және басқа да өзекті мәселелер жөнінде ақпараттандады.