00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елорда әкімінің грантын алу үшін қанша балл жинау керек

25 ақпан, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Елорда әкімінің грантын алу үшін қанша балл жинау керек
ашық дереккөз

Биыл бұл бағыттарға 1200-ге жуық әкім гранты бөлінді. Грант беру конкурсына қатысу үшін ұлттық жоғары оқу орындарына кемінде 65 балл, «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласында – кемінде 75 балл, «Денсаулық сақтау» саласында – кемінде 70 балл жинаған адамдар жіберіледі.

Басқа жоғары оқу орындарына түсу үшін кемінде 50 балл, педагогикалық ғылымдар бойынша – кемінде 75 балл, Денсаулық сақтау саласында – кемінде 70 балл алу қажет.

Биылғы жылы педагогикалық мамандықтар бойынша 1050 орын, медициналық мамандықтар бойынша 128 орын, Гуманитарлық мамандықтар бойынша 15 орын бөлінді, оның ішінде исламтану, теология, дінтану мамандықтары да бар.