ЛРТ жобасының бюджетін екі есе қысқартуға көмектестік – әкім
ЛРТ жобасында қордаланған мәселелер бар. Үш жылдан астам уақыт өтті. Қаншама қаражат кетті. Мемлекет тарапынан халықаралық келісім бар. Қытайлық компаниямен келісіміз халықаралық мәртебеге ие. Егер келісімшартты бұзатын болсақ, халықаралық орбитаға шығу қаупі бар. Өйткені келісімшартта солай жазылған. Жобадағы әр тіреуіштің салмағы – 220 тонна, осындай 500-ден астам тірек тұрғызылды. Құрылыс-монтаж жұмыстарына қыруар қаржы жұмсалды, несиеге алынған. Біз оны республикалық және жергілікті бюджеттен, шамамен 475 миллион доллар өтейміз. Келісімшартқа қол қойылған сәттен бастап Қазақстан Қытай консорциумына 377 миллион доллар көлемінде аванс берді, - деді Алтай Көлгінов.
Қала әкімінің айтуынша, ЛРТ жобасы жалғасатын болды.
Бастапқыдағы барлық қол қойылған келісімшарттарда барлық сандар шетел валютасында көрсетілген. Төлемдер тек АҚШ долларымен жүзеге асырылған. Жобаның құны 1,8 млрд АҚШ доллары. Есепсіз кеткен қаржыны ескере отырып, жобаны жалғастыру туралы шешім қабылданды. Қазір бізге жобаны аяқтау үшін 577 миллион АҚШ доллары керек, бұл бастапқыдан екі есе аз қаражат. Біз оңтайландыруды көздедік. Егер бастапқы жобада 18 станса қарастырылған болса, біз әзірге тек сегіз стансаны ұсынамыз. Осылайшы жобаның бюджетін екі есе қысқартуға көмектестік, - деді қала басшысы.