00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Нұр-Сұлтан қала күніне қандай жетістіктермен жетті?

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Нұр-Сұлтан қала күніне қандай жетістіктермен жетті?
ашық дереккөз

Кез келген жетістік – бүкіл мемлекеттік аппараттың жүйелі әрі жоспарлы жұмысы. Бұл сұраққа орай қолжетімді, жеңілдікпен берілетін тұрғын үй құрылысы, білім беру мекемелері сынды әлеуметтік бағытқа тоқталғым келеді. Мемлекет басшысының тапсырмасымен әлеуметтік баспана құрылысының көлемі айтарлықтай ұлғайды. Мәселен, егер 2018 жылы – 1 100 пәтер, 2019 – 2900 пәтер салынса, 2020 жылы әлеуметтік пәтердің саны 7 мыңға жетті. Өткен жылы бұл деңгейді 10 мың пәтерге дейін жеткіздік. Құрылыс көлеміне қатысты осы деңгейді сақтау қажет. Сонымен қатар өзге де түрлі тұрғын үй бағдарламалары, оның ішінде жастарға арналғаны да бар, – деді қала әкімі.

Қала әкімі тұрғын үй құрылысына жеке инвесторларды да тартатынын жеткізді.

Айталық, мынадай тағы бір тетікті іске қостық. яғни, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация арқылы бизнеске жер бөліп беріп, оларға көмектесеміз. Ал олар өз кезегінде пәтерлердің бір бөлігін кезекте тұрғандарға жеңілдетілген бағамен ұсынады. Сонымен қатар құрылыс индустриясы да барынша жұмылдырылған: үй құрылысы комбинаттарымыз, темір-бетон бұйымдарын, кірпіш шығаратын зауыттарымыз және тағы басқалары, - деді Алтай Көлгінов.

Сұхбат барысында қаладағы мектеп мәселесіне де жеке тоқталды.

Оқушылардың саны жыл сайын артып келе жатыр. Тек соңғы 10 жылда ғана мектеп оқушыларының саны 3 еседен астамға артты. Егер мамырда шамамен 8,5 мың бала мектеп бітірсе, жаңа оқу жылында 25 мың бүлдіршін бірінші сынып табалдырығын аттайды. Мұның барлығы оқу орындарын салу қажет екенін білдіреді. Елордада жүктемесі жоғары мектептердің санын біртіндеп төмендету үшін жыл сайын кемінде 10 білім ордасын салу қажет. Үш жылдың ішінде 70 мың оқушы орнына шақталған 34 мектеп салдық. Биыл тағы да 20 мыңнан астам оқушы орнын жасаймыз. Мектеп қажеттілігін ескере отырып, құрылыс жұмыстарына жеке қаражатты да тартып жатырмыз, - деді қала әкімі.

Алтай Көлгінов медицина нысандарының санын арттыру қажеттігін айтты.

Соңғы жылдары 30-дан астам «Үйдегі дәрігер» нысанын ашып, бірқатар медицина мекемесін жөндедік және қажетті медициналық жабдықтармен қамтамапсыз еттік. Әр ауданда әлеуметтік баспана, мектеп, медициналық мекеме және басқа да қажетті әлеуметтік нысандарды жоспарлаймыз, - деді қала әкімі Алтай Көлгінов.