00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада алғаш рет мектеп жанында жылыжай ашылды

Елордада алғаш рет мектеп жанында жылыжай ашылды
ашық дереккөз

Экожоба Болат Өтемұратов қорының бастамасымен өткен жылы алғаш рет Алматы қаласында іске асырылды. Алматылық 16 мектептің оқушылары жыл бойы көкөніс пен жидек түрлерін өсірді. Мектеп оқушыларын экомәдениетке үйрететін жоба елорданың 20 мектебінде жүзеге асырылады.

Жылыжайдың ашылу салтанатында Болат Өтемұратов қоры қамқоршылық кеңесінің төрағасы Алмаз Шарман қатысып, мектеп оқушыларын құттықтады.

Қазір экология тақырыбы өте өзекті. Адамзат  қоршаған ортаны қорғауды қолға алды. Біздің қор қашанда әлеуметтік жобаларды қолдайды. Бұл жоба аясында алматылық оқушылар жақсы нәтиже көрсетті. Елордадағы Абай мектебі үшін бұл үлкен мүмкіндік. Жылыжайда балалар өсімдіктер әлемімен танысып, түрлі зерттеулер жүргізе алады. Сондай-ақ, көкөністер, жидектер мен көк шөптерді өсіруді үйренеді,-дейді Алмаз Төрегелдіұлы.

Биылғы оқу жылында тәлімгерлер биология бойынша тәжірибелік және факультативтік сабақтарын жылыжайда өткізе алады. Оның іші тамшылатып суару, электр жылыту және фито жарықтандырудың заманауи жүйелерімен жабдықталған.  Биология пәнінің мұғалімі агроном мамандардың көмегімен қияр, қызанақ, бұрыш және баялды көкөністерін өсіреді. Бұл жылыжайда әртүрлі жидек түрін де өсіруге болады.

Біздің мақсатамыз белгілі бір мөлшерде өнім алу емес. Керісінше мектеп оқушыларын еңбекке баулу, оларға көкөністі қалай өсіру керек екенің түсіндіру. Әрине егер агроном және мектеп мұғалімі мен оқушылары жақсы күтім жасаса, өнім жақсы нәтиже беретіні анық,-дейді агроном-кеңесші Павел Кавунов.

Жобаны елордада іске асыру барасында Нұр-Сұлтан қаласының климаты ескерілген. Қысы қатты әрі аязды болғандықтан жылыжай іші мен сырты тиісінше жабдықталған. Сондай-ақ жоба аясында оқушылар мен мұғалімдерге арналған әдістемелік құралдар әзірленген.

Біздің мектептің 5-7 сынып аралығындағы оқушылары осы жылыжай ішінде тәжірибе жинайды. Бірақ алдағы уақытта басқа да сынып оқушыларын кезек-кезекпен қамту ойымызда бар. Негізінде жылыжайды күтіп-баптап сабақ уақытынан тыс жүргізіледі. Егер де сабақ барасында зертхана жұмысы болса, оқушылар міндетті түрде жылыжай ішінде тәжірибелік білім алады. Еңбек пен ермек. Екеуін ұштастырған оқушылардың қоғамға көп пайдасы тиетін болды,-дейді мектеп директоры Айгүл Кашаева.