00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Көлгінов ЛРТ-ның орнына балама көлік түріндегі жобаның неге іске аспайтынын түсіндірді

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Көлгінов ЛРТ-ның орнына балама көлік түріндегі жобаның неге іске аспайтынын түсіндірді
ашық дереккөз

Сарапшылардың ойы мен ұсыныстар негізінде альтернативті көлік түріндегі жобаны қарастырдық. Мысалы, эстакадаларда электрлік автобустар іске қосылады. Оның экологиялық көлік түрі екенін бәріміз білеміз. Бірақ оны серіктес консорциумының өкілдерімен талқылау қажет болды. Қытайлық компаниямен келісіміміз халықаралық мәртебеге ие. Алайда, келісімге сәйкес, қытайлық серіктестеріміз қарсы болды. Өйткені ЛРТ жобасы басынан-ақ инженерлік құрылымдары бар жеңіл рельсті көліктерге арналғанын ескерді. Сондықтан балама көлік түрі жобасы да жүзеге асуы мүмкін емес. Егер келісімшартты бұзатын болсақ, халықаралық орбитаға шығу қаупі бар. Өйткені келісімшартта солай жазылған, - деді А.Көлгінов «2022» жобасындағы сұхбат барысында.

Сонымен қатар қала әкімінің атап өтуінше, бастапқыдағы барлық қол қойылған келісімшарттарда барлық сандар шетел валютасында көрсетілген. Төлемдер тек АҚШ долларымен жүзеге асырылған. Жобаның құны – 1,8 млрд АҚШ доллары.