00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордалық балалар жаңа ойын алаңын өздері атады

25 ақпан, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Елордалық балалар жаңа ойын алаңын өздері атады
ашық дереккөз

Балалар ойын алаңы алғашында кеме кешені деп аталды. Сыртқы пішіні кеме тәрізді жасалған алаңда әдеттегідей әткеншек, сырғанақ, өрмелеуіш ойын құралдары болды.  Бүгінде ойын алаңы толықтай өзгертілді. Жаңадан жабдықтар орнатылып, жанына ағаштар отырғызылды. Демалушыларға арнап аспалы-кокон орындықтарын да қойған.

Сарыарқа ауданының әкімдігі жаңадан өзгертілген ойын алаңына аниматорларды шақырып, балаларға шағын мереке ұйымдастырды.

Қызыл лента кесу рәсімі жиынның кішкентай қонақтарына бұйырды. Олар алаңға жаңа атау беруді ойластырды. Балалар қиялынан туындаған түрлі атаулар ішінде «Арбатлэнд» атауы кішкентай қазылар алқасы арасында қолдау тапты. туындады.  Енді арбатта серуендеу және демалу одан да ыңғайлы бола түсті.