00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Есіл өзені мен оның салаларында санитарлық тазалау жұмыстары жалғасып жатыр

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Есіл өзені мен оның салаларында санитарлық тазалау жұмыстары жалғасып жатыр
ашық дереккөз

Ақбұлақ бұлағында «Толқын» спорт кешенінен бастап Құдайбердіұлы даңғылына дейінгі, Сарыбұлақ бұлағында теміржол ауданынан бастап Есіл өзеніне құятын жеріне дейінгі, Есіл өзенінде Қабанбай батыр даңғылынан «Жасыл аралға» дейінгі учаскелерінде 9 мың шаршы метрге жуық алаңдағы су айдынына санитариялық тазарту жүргізілді.

Есіл өзенінің жағалауы мен оның Ақбұлақ және Сарыбұлақ салалары қатты тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, 30 тоннаға жуық қоқыс жиналып, астаналық полигонға шығарылды.

Бұл жұмыс күн сайын жүргізіледі.