Елордада бірқатар көшеге танымал тұлғалардың есімі беріледі
2022 жылғы 28 сәуірде өткен қалалық ономастика комиссиясының отырысында елордада бірқатар көше мен саябаққа атау беру мәселесі қаралды. Оның ішінде Алматы ауданындағы А №24 көшеге Орал Мұхамеджановтың есімін беру, А №40 көшеге Нұрлан Балғымбаевтың атын беру, А №62 көшеге Сафуан Шаймерденовтің есімін беру қарастырылып отыр. Сол сияқты Абылай хан даңғылындағы Дина Нұрпейсованың ескерткіші орналасқан саябаққа «Қазақ елінің күйшілері мен күйші-композиторларының» аллеясы деген атау беру ұсынылады, - деді Нұр-Сұлтан қаласы тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп мәслихат отырысында жасаған баяндамасында.
Сондай-ақ Есіл ауданы бойынша №202 көшеге Нұркен Әбдіровтің, Е №101 көшеге Олжабай батырдың, Е №111 көшеге Шерхан Мұртазаның, Е №324 көшеге Дүкенбай Досжанның, Е №325 көшеге Еркеғали Рахмадиевтің, Е №357 көшеге Александар Сызғановтың, Е №486 көшеге Еркін Әуелбековтің, Е №576 көшеге Қанай бидің, Е №577 көшеге Хамза Есенжановтың, Е №578 көшеге Бопай ханымның, Е №579 көшеге Қайреден Қарбаевтың, Е №580 көшеге Сабыр Ниязбековтің, Е №582 көшеге Бертіс бидің, Е №607 көшеге Құрман Тастанбековтің, Е №608 көшеге Шолпан Жандарбекованың, Е №757 көшеге Ақселеу Сейдімбектің, Е №758 көшеге БАӘ-нің бұрынғы президенті Шейх Халифа бен Заид әл-Нахаянның, Е №889 көшеге Барлыбек Сырттанұлының, Е №890 көшеге Ермұқан Бекмахановтың, Е №898 көшеге Тұрсынбек Кәкішевтің есімін беру ұсынылды.