Жыл басынан бері елордалық iKOMEK109 байланыс орталығына 1 миллионнан астам өтініш түскен
Орталық іске қосылғаннан бері барлығы 8,4 миллионнан астам өтініш қаралды.
Елорда тұрғындары мен қонақтарын көбінесе денсаулық сақтау, қоғамдық көлік, қаланы электрмен жабдықтау мәселелері қызықтырады. Сондай-ақ, өзекті өтініштерге 5 маусымда өткен жалпы республикалық референдум мәселелері жатады, 17 мамырдан бастап 19 мыңнан астам өтініш келіп түскен.
Елорда тұрғындары мен қонақтары 109 қысқа нөміріне тегін қоңырау шалу арқылы немесе цифрлық сервистер — телеграмм-бот, мобильді қосымшалар, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің сайты арқылы өтініш бере алады.
Біз қалалықтарға көмектесуге тырысамыз, әр өтінішті соңына дейін жеткіземіз, бірде-бір мәселені назардан тыс қалдырмаймыз. IKOMEK109 орталығының қызметкерлері біздің әсем қаламыздың өркендеуі үшін, әрине, елорданың әрбір тұрғынының белсенді қатысуымен еңбек етуге қуанышты, - деп атап өтті «iKOMEK109» Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы басшысының міндетін атқарушы Асқар Таксимов.