Елордада өткен «Бақытты болашақ» іс-шарасы балаларды қуантты
Бұл қор мүгедек балалары бар отбасыларға көмек көрсетуге арналған.
«Бақытты шаңырақ» елорданың түрлі аудандарында мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған 300-ден астам отбасын біріктіреді.
Іс-шараны тамашалауға 100-ге жуық адам келді.
Демеушілер де іс-шараны түрлі сыйлықтарымен қолдап, кішкентай қонақтарға мерекелік тәттілер тарту етті және жас көрермендерге концерт ұйымдастырылды.
Қор қызметкері Жанна Такенованың айтуынша, бұл қорда актерлік шеберлік, би, ән және аналарға арналған аспаздық , қолөнер үйрмелері бар. Одан қалса ерекше балалар бар ата-анаға жұмыс орнын тауып береді. Қордың негізгі мақсаты - ерекше балалары бар отбасыларға көмек ұшын беру.
Мен үш баланың анасымын, оның біреуі - ерекше бала. Мұндай балаларға көп уақыт бөлу керек, сол себепті екі балама көңіл бөлінбей қалады. Олар тегін үйірмелерге қатысып, осы қордың көмегімен балаларымның ынталары ашылып, көпшілікте қысылмайтын болды, - дейді Райхан есімді ата-ана.
Аружан Мауленбай,
Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының 2-курс студенті