Елордадағы Президент саябағында 30 түп қарағай көшеті егілді
Ең алғаш Қазақстан тәуелсіздігін мойындаған – Түркия мемлекеті. Екі ел арасындағы достық күн сайын нығая түсуде. Президент саябағында бүгін 30 қарағай отырғызылды. Алдағы уақытта ізгі дәстүр жалғаса береді деп сенеміз. Мұндай ізгілікті істер астанамыздың көркеюіне үлес қосады, – деді Ержан Мұқаш.
Түркия Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Уфук Экиджи Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында да 30 түп ағаш отырғызғандарын айтты.
Өткен жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында 30 түп ағаш отырғызып, екі елдің «Бауырластық аллеясын» ашқан болатынбыз. Қазақстанның астанасы – әсем қала Нұр-Сұлтанда егілген әр түп ағаш жайқалып өсіп, жасыл желекке айналады, – деді Уфук Экиджи.
Зылиха БАУЫРЖАНҚЫЗЫ,
Л. Гумилев атындағы ЕҰУ студенті