Елордада жәндіктер мен кеміргіштерге қарсы дератизация жұмыстары жалғасып жатыр
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Нұр-Сұлтан қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы "AS Disinfection Services" ЖШС-мен бірлесіп, 1 сәуірден бастап Нұр-Сұлтан қаласы бойынша дератизациялық іс-шаралардың көктемгі турын бастады. Қала бойынша жеке сектор мен ашық аумақтар өңделеді: саябақтар, зираттар, каналдар, су қоймалары, өзендер.
Бүгінгі таңда біз өңдеудің екінші кезеңін аяқтап жатырмыз. Тұрғындарға арнайы улы препараттар тегін таратылады. Сондай-ақ, оқиға орнында қауіпсіздік нұсқаулары өткізіледі. Жеке секторда біз үш тур жасаймыз. 25 мыңнан астам үйді өңдеу күтіліп отыр, - деп хабарлайды "AS Disinfection Services" ЖШС директоры Айжан Оразова.
Сондай-ақ, 9-31 мамыр аралығында елордада 3 112 га ашық станциялар өңделеді.
Ұқсас жаңалықтар