00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада 12 жастағы жасөспірім қостанайлықтың 5 миллион теңгесін ұрлап алған

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада 12 жастағы жасөспірім қостанайлықтың 5 миллион теңгесін ұрлап алған
ашық дереккөз

24 мамырда 14:15-те Қостанай облысының тұрғыны полицияға шағым түсіріп, қомақты қаржы салынған сөмкесінің ұрланғанын мәлімдеген. Айтуына қарағанда, елордаға көлік сатып алу үшін келген. Сол күні 14:00-де Жеңіс даңғылында орналасқан үйге барып, көлікті көрмек болған екен. Көлік иесімен сөйлесу барысында ол кедергі жасамау үшін сөмкесін ағаштың бұтағына іліп қойған. 

Осы сәтте өзбек ұлтының азаматтары үйлер маңындағы қоқысты жинап жүрген. Бейнебақылау камерасына солардың бірі, яғни жасөспірімнің 5 миллион 13 мың теңге салынған сөмкені алып кеткен сәті түсіп қалған, – делінген қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Бір сағаттан кейін полицейлер ұрының жеке басын анықтаған. 12 жастағы бала ұрланған сөмкені әкесіне берген. Қазір ұрлық дерегі бойынша тергеу жүріп жатыр. Сөмке иесіне қайтарылды. Ал бала ювенальді полицияның бақылауына алынған.