Экономиканың нақты секторында 15 мың жұмыс орны құрылады – елорда әкімі

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Экономиканың нақты секторында 15 мың жұмыс орны құрылады – елорда әкімі
ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Үкімет отырысында төтенше жағдай режимі кезінде экономиканың тұрақтылығы үшін атқарылып жатқан шаруалар барысын таныстырып өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Мемлекет басшысының дағдарысқа қарсы қабылдаған шаралары бизнесті дамытуға және халықты жұмыспен қамтуға қолдау болатыны сөзсіз. Жұмыспен қамтудың жол картасына енгізілетін жобалар анықталып, олар салалық министрліктермен келісілді», - дейді елорда әкімі. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі сөз арасында экономиканың нақты секторында қанша жұмыс орнын құру жоспарланып отырғанын жеткізді. «Жұмыспен қамтудың жол картасын іске асыру барысында экономиканың нақты секторында шамамен 15 мың жұмыс орнын құру жоспарлануда. Жол картасы аясында оңалту орталығын салу, мектептер, жолдар, инженерлік желілер салу, газдандыру, аула аумағы мен қоғамдық кеңістікті абаттандыру, әлеуметтік нысандарды жөндеу жұмыстары қарастырылған. Аталған жобалардың жүзеге асырылу экономиканың дамуына, азаматтарды жұмыспен қамтуға оң әсерін тигізеді», - дейді Алтай Көлгінов.