00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада жасөспірімдер арасында жеңіл атлетика марафоны өтті

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада жасөспірімдер арасында жеңіл атлетика марафоны өтті
ашық дереккөз

ҚР Қарулы Күштерінің 30 жылдығына орай өткізілген шараны «Отан. Әскер.Жас Сарбаз» жобасы аясында «Жас Сарбаз жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Нұр-Сұлтан қалалық филиалы ұйымдастырды.

Марафонға елорданың  300-ге жуық жасөспірімі мен жастары қатысты. Ұлдар арасында 3 шақырым, ал қыздар арасында 2 шақырым  қашықтыққа жүгіруден жарыс өткізілді. Жүзден жүйрік келген  жеңімпаздар алғыс хаттармен және төсбелгілермен марапатталды.

Бұл шараға Нұр-Сұлтан қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев, қалалық Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров, «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы Асхат Налшыбек қатысты .  

- Бүгінгі жастар - ертеңгі ел болашағы демекші, жастарды спортқа баулу, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру – біздің басты мақсатымыз. Біз «Отан. Әскер.Жас Сарбаз» жобасы аясында Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен бірқатар іс-шарларды жоғарғы деңгейде атап өттік. Мұндай шараларды жиі өткізу жоспарымызда бар,- деді «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы Асхат Налшыбек.