Елордада өтетін велошеру 28 мамырға ауыстырылды
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Осыған дейін хабарланғандай, жаппай велошеру 21 мамырда өтуі тиіс болатын. Алайда ауа райының қолайсыздығына байланысты 28 мамырға ауыстырылды.
Іс-шара «Астана Орманы» жасыл белдеуінің веложолында өтеді.
Қатысушылар 3 шақырым қашықтықты жүріп өтеді. Тіркеу сағат 9.00-де басталады, ал басталуы – сағат 10.00-де.
Ұйымдастырушылар велошеру спорттық жарыс емес екенін айрықша атап өтті.
Сол сияқты қатысушылар арасында лотерея ұйымдастырылып, бағалы сыйлықтар ойнатылады.
Балалар жылы мен веломаусымның ашылуына орай ұйымдастырылатын жаппай велошеру Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен өтеді.
Қаланың тұрғындары мен қонақтарын жаппай веложарысқа белсенді қатысуға шақырамыз, – делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар