Елордада жыл басынан бері 500-ден астам мас жүргізуші ұсталды
Бағдаршамның тыйым салынған сигналына өткені үшін 1 200-ге жуық жүргізуші жауапкершілікке тартылды. 1 500-ден астам автокөлік айыппұл тұрағына қойылды. Апаттық жағдай туғызған 600 жүргізушіге әкімшілік шара қолданылды. 7000-нан астам жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – делінген Полиция департаментінің ақпаратында.
Полицейлер мүдделі мемлекеттік органдармен және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, тұрақты негізде түрлі профилактикалық іс-шаралар өткізуде. Жыл басынан бері «Жарқын бол» және «Назар аударыңыз, балалар» акциялары және «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді.
Биыл елорда аумағында жол-көлік оқиғаларының салдарынан 30-ға жуық кәмелетке толмаған бала зардап шегіп, бір бала көз жұмған.
Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауды ескертеді.
Мектептер мен балабақшаларға жақын жерлерде, реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелдерінен, қоғамдық көлік аялдамаларынан өткенде, әсіресе аулаларда өте мұқият болыңыз, – делінген хабарламада.