00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Көше саудасына 1000 орын» бағдарламасы қайта қарастырылып жатыр (ВИДЕО)

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Көше саудасына 1000 орын» бағдарламасы қайта қарастырылып жатыр (ВИДЕО)
ашық дереккөз

«Көше саудасына 1000 орын» бағдарламасы бар екені белгілі. Оның операторы болып «Астана» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы бекітілген болатын. Бүгінде біз осы бағдарламаны қайта қарастырып жатырмыз. Оның ішінде көлеңкелі экономикамен күрес, субарендаға тапсыру, салық секілді мәселелер ескеріледі, – деді басқарма басшысы.

Сондай-ақ осы ретте Балтаев тұтынушы ретінде құқығы шектелген азаматтар қайда жүгінуіне болатынын атап өтті.

Тұтынушы ретінде құқығы шектелген азаматтар арыз жазып, қаладағы Тұтынушылардың құқығын қорғау департаментіне жүгінуіне болады. Оның арызы бойынша сосын арнайы топ ұйымдастырылып, болған жайт егжей-тегжейлі зерттеледі, – деді ведомство басшысы.