Нұр-Сұлтанда заңсыз сақталған атыс қаруын сатып алу акциясы басталды
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Қару-жарақ заттарын өз еркімен тапсырғаны үшін республикалық бюджеттен оның техникалық жай-күйіне байланысты қарудың әрбір бірлігі үшін айлық есептік көрсеткіштің оннан жүзге дейінгі сомасында төлем көзделеді. Қару-жарақ заттарын қабылдау әрбір аумақтық полиция органында жүргізіледі, – делінген хабарламада.
Жарақат алудың алдын алу мақсатында табылған жарылғыш материалдар және оқ-дәрілермен ешқандай іс-әрекет жасамауды, ешбір жағдайда оларды тасымалдауға әрекет жасамауды, тек полицияның кез келген бөлімшесіне, оның ішінде «102» не «112» телефон нөмірлеріне хабарлауды сұрайды.
Тіркелмеген атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.
Ұқсас жаңалықтар