Елордада жолақы төлемеген 2 080 жолаушыға айыппұл салынды
Көліктік бақылау департаментінің қызметкерлері күн сайын билетсіз жолаушыларды анықтау бойынша рейдтер жүргізеді.
2022 жылдың басынан бастап Көліктік бақылау департаментінің қызметкерлері жол жүру ақысын төлеуден жалтарудың 32 252 фактісін анықтады, оның ішінде 2 080 жолаушы ҚР ӘҚБтК-нің 622-бабының 2-бөлігі бойынша 12 млн теңгеден астам сомаға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – делінген компанияның ақпаратында.
Айта кетейік, сәуір айының бірінші күні ғана КБД полиция қызметкерлерімен бірге 374 жолаушыны әкімшілік жауапкершілікке тартқан.
Құрметті жолаушылар, жол ақысын уақытылы төлеуді сұраймыз, сондай-ақ бетперде киюге шақырамыз. Автобустарда жол ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді: көлік картасы немесе QR код арқылы, – делінген хабарламада.