00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада бизнес-идеяларды іске асыруға 350 грант беріледі

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада бизнес-идеяларды іске асыруға 350 грант беріледі
ашық дереккөз

 

Оның айтуынша, биыл елордада 350 грант беру жоспарланған, оның ішінде 204-і - жастар үшін, 146-сы - халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған.

Өтінімдерді қабылдау 10 жұмыс күніне созылады, содан кейін қалалық комиссия берілген өтініштерді қарайды. Комиссия отырыстарында үміткерлер өздерінің бизнес-жобаларын таныстыруы тиіс. Өтінім беру күні комиссияның шешіміне әсер етпейді, - деді Бақтияр Айтпаев.

Ол «Бастау Бизнес» жобасының соңғы үш жылдағы түлектері үшін бірінші кезекте Аtameken Аcademy порталында бизнес-жоспар бойынша деректерді редакциялау және кейін Business.enbek.kz порталына қатысуға өтінім беру қажеттігін атап өтті.

Сұрақтар туындаған жағдайда Нұр-Сұлтан қаласының Кәсіпкерлер палатасына жүгіну қажет, ол мына мекен жай бойынша орналасқан: Б. Момышұлы даңғылы, 2/11, call-center - 1432.