00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Жыл басынан бері елордада мас күйінде 430 жүргізуші ұсталды

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Жыл басынан бері елордада мас күйінде 430 жүргізуші ұсталды
ашық дереккөз

2020 жылдың қаңтарынан бастап жазалау шарасы қатаңдатылғанына қарамастан, өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда бұзушылықтардың өсуі байқалады. Былтыр осындай кезеңде 418 мас жүргізуші ұсталды. 2022 жылы жүргізушілердің қатысуымен мас күйінде 62 жол-көлік оқиғасы орын алды (2021 – 79), – делінген Полиция департаментінің хабарламасында. 

Ұсталған адамдар әкімшілік соттың шешімімен он бес тәуліктен жиырма тәулікке дейін әкімшілік қамауға немесе жеті жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыру түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, 16 жүргізуші жақын шетел азаматтары болып табылады, олар Қазақстан Республикасы Заңының нормаларына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылған және қазіргі уақытта Қазақстаннан шығару мәселесі шешілуде.