ElorDaуыс: Астана және Қазақстанның 1 сәуірдегі өзекті жаңалықтары
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![ElorDaуыс: Астана және Қазақстанның 1 сәуірдегі өзекті жаңалықтары](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172106965515562828.webp)
Елордада «Жерұйық-2» саябағы абаттандырылады, деп хабарлайды Elorda.info. Ол экологиялық таза материалдардан жасалған ойын алаңдарымен, волейбол және баскетбол алаңымен, жүгіру жолымен, ворк-аут аймағымен және демалыс аймағымен жабдықталады. Толығырақ мына сілтеме арқылы оқуға болады.
1 сәуірден бастап Нұр-Сұлтан қаласында бизнес-қаумдастыққа мемлекеттік гранттар беру бойынша конкурсқа қатысу үшін өтінімдер қабылдау басталды, деп хабарлайды Elorda.info. Елордалық кәсіпкерлер қайтарымсыз негізде 5 миллион теңгеге дейін ала алады. Толығырақ мына жерден оқыңыздар.
Елордада 1 сәуірден бастап жалпы білім беретін мектептердің бірінші сыныбына оқуға түсу үшін құжаттар қабылдау басталды, деп хабарлайды Elorda.info. Құжаттарды электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы және білім беру ұйымдарында қағаз түрінде өткізуге болады. Толығырақ мына сілтемеде.