00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Биыл елордада 200-ден астам аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылады

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Биыл елордада 200-ден астам аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылады
ашық дереккөз

Әдеттегідей азаматтарды қабылдадым. Абаттандыру маусымы жақындағанын ескерер болсақ, қала тұрғындары жол жөндеу мен оның құрылысы, аулалар мен қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру, тұрғын үй кешендерін жөндеу секілді түрлі мәселелер бойынша жүгінеді. Мысалға биыл 200-ден астам аула мен қоғамдық кеңістікті абаттандыруды жоспарлап отырмыз. Ал соңғы жылдары 500-ге жуық аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылды. Сол сияқты қаламыздың барлық ауданында «Халықтың бюджетке қатысу» жобасы жұмыс істейді. Жоба барысында қала тұрғындары өз ауласына қандай өзгеріс енгізу керектігін шешеді. Сондай-ақ күн жылынған уақыттан бастап, елді мекендерге және қаланың оң жақ бөлігіне ерекше мән бере отырып, жолдарды салуға және жөндеуге кірісеміз. Жол жөндейтін мамандарға әдеттегідей жоғары талаптар қоямыз, ал сапасыз жасалған жолдарды қабылдамаймыз. Қала тұрғындарымен өзара байланысты күшейтуге апта сайынғы азаматтарды қабылдаулар, аудандар мен елді мекендердің тұрғындарымен кездесулер, елорданы аралау жұмыстары ерекше көмектеседі. Оның негізінде келіп түскен мәселелерді назарымызға аламыз, – деп жазды елорда әкімі.