00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордалық полицейлер ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды дәріптеді

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордалық полицейлер ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды дәріптеді
ашық дереккөз

Наурыз мейрамы бейбітшілік пен жақсылықты, өмірдің жаңаруын, табиғаттың оянуын, рухани өрлеуді бейнелейді. Ежелден Наурыз мейрамы достықты, өзара сыйластықты және уақыт пен ұрпақтың үздіксіз байланысын нығайтуға ықпал ететін жасампаздықтың жарқын күні ретінде аталып келеді, - дейді департамент бастығы, генерал-майор Марат Төлебаев.

Елордалық полиция қызметкерлері Наурыз мерекесіне атсалыса қатысып, көпжылдық салт-дәстүрлерді көрсетті. Жарқын ұлттық киімдер, мерекелік тағамдар ешкімді бей-жай қалдырмады.

Наурыз мейрамын Есіл ауданының Полиция басқармасында үлкен көлемде және көркем түрде атап өтілді. Ұлттық нақыш – қолдан жасалған бұйымдар мен сәнді киіз үйден және ою-өрнекпен безендірілген киімдерден, домбыраның үнінен сезілді. Мерекеде өткізілген салт-дәстүрлер ерекше әсер берді: сырға салу, құда түсу, құйрық бауыр асату, беташар, бесікке бөлеу, тұсаукесер, асық ойнау.

Сондай-ақ, мереке қарсаңында департамент бөлімшелері арасында онлайн-форматта «Баталыға бақ қонар!» атты конкурс өтті. Сайысқа қатысушылар бата беру шеберлігінен жарысты. Бата беру – қазақ халқының ең көне және маңызды әдет-ғұрыптарының бірі. Қатысушылар халық арасында танымал салт-дәстүрлермен байланысты бата айтып берді. Қазылар алқасы әр бөлімшенің жоғары дайындығын атап өтті.

Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынды Жергілікті полиция қызметі басқармасы иеленді. Екінші орынды – Байқоңыр ауданының Полиция басқармасы, ал үшінші орынға – Патрульдік полицияның мамандандырылған батальоны жайғасты.