00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада Іскер әйелдер қауымдастығының жиыны өтті

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада Іскер әйелдер қауымдастығының жиыны өтті
ашық дереккөз

Іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Ішкі саясат басқармасының басшысы Дәурен Бабамұратов, Нұр-Сұлтан қаласы «Атамекен» ҰКП директорының м.а. Бейсен Жолболдиев, сондай-ақ елорда Іскер әйелдер қауымдастығының мүшелері қатысты.

Іскер әйелдер қауымдастығының төрағасы Сания Ирсалиеваның сөзінше, Жолдауда айтылған міндеттер бизнес қауымдастыққа бірқатар мүмкіндік береді.

Бүгін біз Президент Жолдауында айтылған міндеттер мен реформаларды талқылаймыз. Сондай-ақ қандай даму перспективасы күтіп тұр - соны айтамыз. Жалпы, Жолдауда айтылған азаматтық қоғам және ҮЕҰ-ға қатысты міндеттер бизнеспен айналысатын әйелдерге де қатысты. Яғни біз сияқты бизнес өкілдеріне көптеген мүмкіндік ашылады деген сөз. Сол мүмкіндіктерді жіберіп алмай, ұтымды пайдалану керек. Сол кезде ғана біз үлкен жетістіктерге жетеміз. Әрқайсымыз өз іс-әрекеттеріміз арқылы қоғамды және Қазақстанды жақсы жағына өзгерте аламыз, – деді С. Ирсалиева.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасы директорының м.а. Бейсен Жолболдиевтың айтуынша, кешегі Жолдауда айтылған міндеттер өзекті және жақын уақытта шешілуі тиіс жұмыстар. 

Кешегі Мемлекет басшысының Жолдауында  айтылған реформалар бірінші жартыжылдықта болады деген сенімдеміз. Өйткені, атқарушы органдарға, мәслихаттарға қатысты және Мәжіліс пен Сенат депутаттарының азаюына байланысты біраз міндет айтылды. Осының бәрі жүйенің басқаша дамуына әкеледі деген сенім бар. Одан бөлек, Абай облысы құрылатыны туралы айтты. Бұл тәуелсіз мемлекетіміз үшін үлкен жетістік деп ойлаймын. Өйткені Абайдың аты тек қана Қазақстанға емес, бүкіл дүние жүзіне әйгілі. Сонымен қатар жаңа облыстарда аудан орталықтары ашылатын болады. Сол жерлерде жұмыс орындары ашылып, инвестиция тартылады. Мемлекеттік тапсырыс арқылы инфрақұрылым дамып, жолдар жөнделеді. Бұл - ауылдық жерде тұратын тұрғындардың арманы, – деді Б. Жолболдиев.