Елордада көпбалалы отбасыларға тұрмыстық техникалар сыйға тартылды
Аталмыш шараға Қорғаныс министрлігінің өкілдері, Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров, Жастар саясаты мәселелері басқармасының жастармен жұмыс бөлімінің басшысы Ақұлан Тастемір, сол сияқты «Жас сарбаз» қозғалысының өкілдері қатысты.
Қала әкімдігі Наурыз мейрамымен арнайы құттықтап отыр. Алғысымыз шексіз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! - деді көпбалалы ана Карина Абаева.
Қайырымдылық іс-шарасы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мен ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығының қолдауымен, «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы РҚБ Нұр-Сұлтан қалалық филиалы мен Жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен өтті.
Бізді мереке күндері осылай елеп, құттықтағандарыңызға алғысым шексіз. Бұл біздің жүрегімізге қуаныш ұялатады. Біздің өсіріп отырған ұл-қыздарымыз ертеңгі күні еліміздің дамуына өз үлесін қосатынына сенімім мол, - деді көпбалалы ана Гүлнар Тоқтар.