Елордада 8 мектепке тарихи тұлғалардың есімі берілді
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 14 наурыздағы № 123 қаулысына сәйкес елордамыздағы 8 мектепке тарихи тұлғаларымыздың есімі берілді, – деп жазды С.Есіркеп.
Осылайша:
№ 2 балалар музыка мектебіне Роза Бағланованың;
№ 3 балалар музыка мектебіне Ермек Серкебаевтың;
№ 11 мектеп-лицейге Өзбекәлі Жәнібековтің;
№ 49 орта мектепке Қошке Кемеңгерұлының;
№ 66 мектеп-лицейге Дінмұхамед Қонаевтың;
№ 69 мектеп-гимназияға Кемел Ақышевтің;
№ 77 мектеп-гимназияға Фариза Оңғарсынованың;
№ 83 мектеп-гимназияға Ыбырай Алтынсариннің аты ресми берілді.
Ұқсас жаңалықтар