00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада соғыс ардагерлеріне 1 млн теңгеден қаржылай көмек беріледі

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада соғыс ардагерлеріне 1 млн теңгеден қаржылай көмек беріледі
ашық дереккөз

Бүгінгі таңда елордада 18 ардагер тұрып жатыр. Мәслихат депутаттары төлем сомасын қолдап, 9 мамырға дейін ардагерлерге қосымша көмек көрсететін болды.

Бүгін әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысында газбен жабдықтауға қосылу кезінде халықтың әлеуметтік осал топтарының санаттарын қолдау мәселелері қаралды. Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына аудандық әкімдіктермен бірге тұрғын үй алаптарының тұрғындарымен әрі қарай атаулы жұмыс жүргізу үшін тұрғын алаптар бөлінісінде осы санат бойынша егжей-тегжейлі талдау дайындауды тапсырдым, – деп жазды Е.Каналимов.

Елордалық мәслихат депутаттары жақын арада тұрғын үй алаптарында тұратын халықтың әлеуметтік осал топтарына газбен жабдықтауға жеңілдікпен қосылу үшін өтемақы шығындарын ұлғайту туралы шешім қабылдайды. Мәселе тұрғын үйді газдандыруға берілетін біржолғы төлемді 90 АЕК-тен (275 670 теңге) 130 АЕК-ке дейін (398 190 теңге) ұлғайту туралы болып отыр.