00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада тұрғын үй жәрдемақысының мөлшері өсті

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада тұрғын үй жәрдемақысының мөлшері өсті
ашық дереккөз

Әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсету – біздің басты міндетіміз. Осы санаттағы жандарға тоқсан сайын коммуналдық қызметтерді төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақысы беріледі.

Жыл басынан бері бұл соманы екі есеге жуық – 10 мыңнан 18 мың теңгеге дейін (бұл жылыту маусымындағы сома, ал басқа маусымдарда көмек мөлшері төмен) ұлғайттық. Бұл көмек зейнеткерлерге, ерекше қажеттілігі бар отбасыларға, мүгедек жандарға, толық емес отбасыларға, көпбалалы отбасыларға және т.б. беріледі.

Өтініштерді қабылдау және аталмыш мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру тоқсанына бір рет жүзеге асырылады. Тұрғын үй жәрдемақысын алу үшін азамат (немесе оның өкілі) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы немесе электрондық үкімет порталы (www.egov.kz) арқылы өтініш («әлеуметтік қамтамасыз ету» - «отбасыларға көмек» - «тұрғын үй көмегін тағайындау» бөлімі) береді.

Осыған дейін жеке сектор тұрғындарына көмірден газға көшуі үшін берілетін әлеуметтік көмек мөлшерін 260 мыңнан 400 мыңға дейін арттыру жоспарланып отырғаны туралы айтқан едім. Бұл бастаманы жақын уақытта қалалық мәслихаттың қарауына өткіземіз, – деп жазды А.Көлгінов.