Елордада қоқыс шығару тарифі кімдерге жеңілдетіледі
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Мәселен, Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2019 жылғы 25 желтоқсандағы шешіміне сәйкес жеке тұлғалар үшін тариф есептеу кезінде тұрмыстық қатты қалдықтарды шығаруға жеңілдіктер қарастырылған:
100% – Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушыларға;
50% — Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушыларға теңестірілген адамдар, көпбалалы аналар, I топтағы мүгедектер;
25% – II топтағы мүгедектер мен жасына байланысты зейнеткерлер.
Есеп айырысулар тиісті өтініш берілген және растайтын құжаттар ұсынылған сәттен бастап жүргізіледі, – делінген хабарламада.
Жеңілдіктерді қолдану үшін Нұр-Сұлтан қаласы, А.Бараев көшесі, 23 мекенжайындағы «Clean City NC» ЖШС қоқыс шығарушы компаниясына жүгіну қажет. Анықтама телефоны: 8 707 613 33 33.
Ұқсас жаңалықтар