Мемлекет басшысы еліміздегі егіс науқанына теңдесі жоқ қолдау көрсетті – А.Күрішбаев
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Мемлекет басшысы еліміздегі егіс науқанына теңдесі жоқ қолдау көрсетті – А.Күрішбаев](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172122806724572767.webp)
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры Ақылбек Күрішбаев Мелекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үндеуіне өзінің пікірін білдірді, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Менің ойымша, Президентіміздің кешегі сөйлеген сөзі бәрімізге еліміздің осы жаһандық дағдарыстан лайықты шыға алатынына сенім туғызды. Сондай-ақ маған мемлекет басшысы деңгейінде бірінші рет еліміздегі егіс науқанына теңдесі жоқ қолдау көрсеткені ұнады. Пандемияның арқасында біз тағы да өз ауыл шаруашылығымызды дамытудың қажеттігін түсініп, ащы сабақ алдық. Осыдан кейін мемлекетімізде аграрлық саланың бірінші орында болу керектігін түсінген шығармыз», – деді Ақылбек Күрішбаев. Сонымен қатар ол Қазақстанның сыртқа тәуелді болмай, халқымызды азық-түлікпен қамту үшін бұл саладан қаржыны үнемдемеу керекттігін атап өтті. «Дана халқымыз: «Алтын-күміс тас екен, арпа-бидай ас екен» деп бекер айтпаса керек... Біздің еліміз басқа мемлекеттерге тәуелді болмай, өз азаматтарын азық-түлікпен қамтамасыз етуі тиіс, бұл еліміздің азық-түлік қауіпсіздігі болып табылады. Ол үшін аграрлық және биологиялық ғылымдарды дамытуға, жоғары білікті кадрларды даярлауға қаржы үнемдеуді қою керек», – деді ҚазАТУ ректоры. Сондай-ақ Ақылбек Күрішбаев биылғы егіс маусымын өткізу үшін мемлекет барлық қажетті шараларды қолға алғанын, енді, ең бастысы, бөлінген несиелердің осы көмекті қажет етіп отырған орта және ұсақ фермерлік шаруашылықтарға жетуі маңызды екенін атап өтті. «Біздің университет оқытушылары студенттерді қашықтықтан оқыту бойынша жұмыстың көптігіне қарамастан, Қазақстанның негізгі астық егетін облыстарында көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу бойынша ұсыныстарын дайындауда», – деді ол. Оның айтуынша, осындай дағдарыс кезіндегі алдағы егін салу науқанында қол қусырып отыруға болмайды. «Тұқымдық материалды сараптауды аяқтаймыз. Қазіргі уақытта Солтүстік облыстардағы 24 элит-тұқым шаруашылықтарының тұқымдары тексерілді. Бұдан әрі осы жылдың агротехнологиясының ерекшеліктері бойынша фермерлер үшін семинарлар мен кеңестер өткіземіз. Айта кету керек, бұл жұмыстар үшін бізге ешкім ақы төлемейді, оған фермерлердің артық қаржысы жоқ. Біздің ғалымдар мұны жақсы түсінеді. Бірақ осындай дағдарыс кезіндегі алдағы егін салу науқанында қол қусырып отыруға болмайды. Биылғы жылы егіс алқаптарында ылғалдың жеткілікті болуы да қуантады. Бұл жылы да астық мол болу керек. Оған қоса мемлекет тарапынан осындай қолдау көрсетіліп отырғанда, еліміздің аграрийлері жақсы өнім алуы тиіс. Оларға сәттілік тілейміз!» – деді А.Күрішбаев.
![Қаржылық пирамиданың басшысы Астана әуежайынан Түркияға ұшайын деп тұрған жерінен ұсталды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173935358821443800.webp)
![Астаналық зейнеткерлер оқушыларға тігіншіліктің қыр-сырын үйретті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173935565512053547.webp)
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)