Елордадан Nur Otan партиясының кезектен тыс съезіне делегаттар сайланды
Отырыста 1 наурызда өтетін партияның кезектен тыс XXII съезіне 27 делегат сайланды.
Өткен XXI съезде Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan партиясының төрағасы болып сайланды. Төраға өз сөзінде партияның өзін жаңғыртуды жүргізу, сайлауалды уәделерін орындау, партиялықтар арасындағы ынтымақтастықты нығайту, қоғамның барлық сындарлы күштерін біріктіру, сондай-ақ Jas Otan жастар қанатының жұмысын күшейту туралы айтты.
Сонымен қатар, партия жанындағы Қоғамдық кеңестердің қызметін қайта қарауды, мәслихаттардағы партия фракциялары мен қоғамдық қабылдаулардың халықтың мәселелерін шешуге бағытталған тиімді жұмысын жандандыруды және жолға қоюды тапсырды.
Саяси кеңеске қатысушылар Президент, партия төрағасы Қ.Тоқаев айтқан басымдықтарға толық қолдау білдірді. Елордадағы барлық партия мүшелері жаңа міндеттерді іске асыруға жұмылдырылып, жұмыс істеуге дайын.
Партияның туған күнінде кезектен тыс XXII съезд өткізіліп, онда оны дамытудың жаңа бағыты, бүкіл ел дамуының, Қазақстанның партиялық-саяси жүйесін демократияландыру мен трансформациялаудың жаңа бағыты белгіленеді.