00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада бір түнде 12 мың текше метрден астам қар шығарылды

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада бір түнде 12 мың текше метрден астам қар шығарылды
ашық дереккөз

22 ақпаннан 23 ақпанға қараған түні қаладан 12,5 мың текше метрге жуық қар шығарылды, бұл мыңға жуық жүк көлігінің көлеміне тең.

Бүгінде қар күреу жұмысына мыңнан астам арнайы техника мен 1 800-ден астам жол жұмысшысы жұмылдырылды.

Бірінші кезекте, ереже бойынша, жолдарда кептеліс болмауы үшін қозғалысы өте қарқынды учаскелер тазартылады. Сондай-ақ орташа қарқынды учаскелер – алаңдар, вокзал маңындағы аумақтар, тротуарлар, әлеуметтік ынсандарға кіретін жолдар және т.б. қардан тазартылады.

Қыс мезгілі басталғалы елордадан 3,5 млн текше метрге жуық қар шығарылды, бұл 262 227 жүк көлігінің көлеміне тең.