Елордада сенімді құрылыс компанияларының тізімі жаңартылды
Құрылыс салушылардың жаңа тізімі мына сілтеме бойынша бейінді басқарманың сайтында көрсетілген. Жыл басынан бері Нұр-Сұлтан әкімдігі үлескерлердің қаражатын қабылдауға 6 рұқсат берді. Олардың арасында бір құрылыс салушы компания көппәтерлі тұрғын үйдің қаңқасы тұрғызылғаннан кейін ғана үлескерлердің ақшасын қабылдауға рұқсат алды. Ал қалған бесеуі – екінші деңгейдегі банктің жобаға қатысу тәсілі арқылы, - делінген әкімдік хабарламасында.
Естеріңізге сала кетейік, «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» ҚР заңына сәйкес үлестік қатысу мынадай тәсілдердің бірімен ұйымдастырылады:
Кепілдік беру қорының кепілдігін алу;
- Екінші деңгейдегі банктің жобаға қатысуы;
- Тұрғын үйдің қаңқасы тұрғызылғаннан кейін үлескерлердің ақшасын қабылдау.
Үлестік құрылысқа әлеуетті қатысушының (сатып алушының) үлескерлердің қаражатын қабылдау үшін рұқсат құжаттарының бар-жоғын тексеруге және Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасынан кеңес алуға құқығы бар.