00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордалық полицейлер тіркелмеген атыс қаруын тәркіледі

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордалық полицейлер тіркелмеген атыс қаруын тәркіледі
ашық дереккөз

Ер адамның айтуынша, бұл қаруды оған ұзақ уақыт сақтаған 56 жастағы қытай азаматы тапсырған. Сонымен қатар шетелдіктің тұрғылықты жерін тексеру кезінде полиция оқ ататын гильзалар мен мылтықтың 22 патронын тапты. 

Полиция қаруды заңсыз иемденгені, бергені, өткізгені, сақтағаны және тасымалдағаны үшін екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға дейін немесе екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салынатынын атап өтті. 

Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған мылтық зауыттық тәсілмен жасалған және атуға жарамды «ТОЗ-8м» маркалы аңшылық спорттық винтовка екені анықталды. Аталған факті бойынша қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтағаны үшін ҚР ҚК 287-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, – делінген хабарламада. 

Полиция тіркелмеген атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатынын атап өтті.