00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордалық емханаларда «Аналар мектебі» жұмыс істейді

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордалық емханаларда «Аналар мектебі» жұмыс істейді
ашық дереккөз

Мысалы, №8 қалалық емханада аптасына екі рет жүкті әйелдердің гигиенасы мен тамақтануы, гимнастика, толғақ кезіндегі әрекет, бала емізу, босанғаннан кейінгі жағдай сияқты тақырыптар бойынша сабақтар өткізіледі. Сонымен қатар, болашақ аналарға COVID-19 және басқа инфекцияларға қарсы екпе алудың маңыздылығы туралы айтылады.

Біз жүкті әйелдерді «қолымнан келеді», «өзім жасай аламын», «қиындығы жоқ» деп үйретеміз және дайындаймыз. Болашақ аналар жүктілік кезінде және босануға дайындық кезінде денесінде қандай өзгерістер болатынын, жүктіліктің әр кезеңінде не болатынын біледі. Әйелдердің көбі босанудан қорқады, сол себепті мұндай мектеп олар үшін өте маңызды. Сондай-ақ, қазір ана мен баланың денсаулығын сақтау үшін біз вакцинацияның маңыздылығын да айтамыз. Олардың бұл мәселеге оң қарайтыны қуантады, - деді №8 емхананың акушер-гинекологы Жұлдыз Есенова.

Сонымен қатар, перзентханада өзімен бірге не алу керектігі, қандай жағдайда жедел жәрдем шақыру керек екені айтылады. Дәрігерлер дененің физикалық жағдайына ғана емес, психологиялық жағдайына да назар аударады. Сондай-ақ, мектепте босанар кезде өзімен бірге кіретін серіктесі де дайындалады.

«Аналар мектебінің» маңызды тақырыптарының бірі – емізу.

Көптеген адам әйел сүті сұйық, нәресте тоймайды деп ойлайды. Сол себепті біз омырау сүтінің құрамын түсіндіреміз, бұл – жаңа туған нәрестелерді тамақтандырудың ең жақсы әдісі. Біз әйелдерге бірден қосымша тамаққа ауыспау, керісінше емізу жолын реттеу, сол сияқты жақсы тамақтану, көп сұйықтық ішу жөнінде кеңес береміз, - деп атап өтті №8 емхананың дәрігерлері.