Елордада көктемгі су тасқынына қарсы іс-шаралар басталды
Бұған бюджеттен 260 млн теңге бөлінген.
Су тасқынына қарсы іс-шаралар аясында ауданда штаб құрылып, қар шығару және арықтарды тазалау бойынша жұмыстар жоспары бекітілді, – дейді Байқоңыр ауданы әкімдігінің өндірістік-техникалық бөлімі бас маманы Аслан Гасаров.
Қазіргі таңда 112 көшенің 34-інде тазалау жұмыстары жүргізілді.
Су тасқынына қарсы жұмысқа 4 жұмысшы мен 24 мамандандырылған техника жұмылдырылған, оның 20-сы жүкті өзі түсіретін машина болса, 4-еуі – жүк тиегіш көліктер.
Қыстан бері аудан аумағынан 380 мың текше метрден аса қар шығарылған. Қар күреуге 350 шақты жұмысшы мен 300-ден астам техника шыққан. Тұрғындар қалалық коммуникалдық шаруашылық қызметінің атқарған жұмысын жоғары бағалаған.
Су таситын кездер болады. Басқаларды білмеймін, бірақ менің үйімнің аумағын су басады. Осындай аяз бен суықта жұмыс істеп жүрген жұмысшыларға алғысымды айтамын, - дейді аудан тұрғыны Раиса Матюшина.
Байқоңыр ауданындағы арықтар желісінің жалпы ұзындығы 23 мыңнан астам метрді құрайды. Бүгінде оның 6 500 метрі тазаланды.
Одан бөлек 750 текше метр ұсақ тас пен 200 қап құм дайындалған.
Сондай-ақ Байқоңыр ауданы бойынша 30 ассенизаторлы машинаны жұмылдыру жоспарланған.