Нұртөре Жүсіп: Президент мәлімдемесі ертеңгі күнге деген сенімді оятты
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Нұртөре Жүсіп: Президент мәлімдемесі ертеңгі күнге деген сенімді оятты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172122806123317989.webp)
Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдесіне қатысты өз ойын білдірді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Ашық. Анық. Айқын. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз мәлімдемесінде талай мәселені айтты. Күн сайын дертке ұшырағандар саны артып, жұрттың көңілі пәсейген тұста ең басты нәрсені – Ертеңгі күнге деген Сенімді оятты! Халыққа жанашырлық көрсетті. Ел-жұрт Мемлекеттің қолдауын сезінді», - деп Сенат депутаты өз ойын ортаға салды. Ол сөз арасында қазіргідей қысылтаяң шақта жан жылуымызды жоғалтпауымыз керек екенін ерекше атап өтті «Бір адам от жақса - он адам жылынады. Бір ауыз жылы сөзге - миллиондаған адам жылынады! Жан жылуымызды жоғалтпайық!» - деді Нұртөре Жүсіп.
![Қаржылық пирамиданың басшысы Астана әуежайынан Түркияға ұшайын деп тұрған жерінен ұсталды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173935358821443800.webp)
![Астаналық зейнеткерлер оқушыларға тігіншіліктің қыр-сырын үйретті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173935565512053547.webp)
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)