Елордада бір жылда көрнекті тұлғаларға арнап бірнеше ескерткіш орнатылды
2021 жылы Нұр-Сұлтанда қазақ халқының көрнекті тұлғаларына ескерткіштер орнатылды:
- Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев;
- Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Бигелдинов;
- Алаш қайраткерлері – Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулатұлы;
- Халық әртісі, күйші, композитор, қазақ музыка мәдениетінің аса көрнекті қайраткері – Дина Нұрпейісова;
- Академик Қаныш Сәтбаев;
- Қазақстанның тұңғыш Олимпиада чемпионы, әлем чемпионы Жақсылық Үшкемпіров;
- Мемлекет қайраткері Жұмабек Тәшенев;
- Философ және ағартушы Әбу Насыр әл-Фараби;
- Ағартушы Ыбырай Алтынсарин;
- Сондай-ақ, коронавирустық инфекциямен алдыңғы шепте күрескендердің ерлігіне арналған «Алтын жүрек» мемориалы орнатылды.
Бұл жұмыс жастардың рухани, патриоттық және мәдени құндылықтарын насихаттау мақсатында жүргізіледі.
Айта кету керек, елордада тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін сақтау бойынша үлкен жұмыстар жүргізілуде.
Елорданың Мәдениет басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, қалада барлығы 42 тарихи және мәдени ескерткіш бар. Оның ішінде үшеуінің республикалық маңызы бар: «Бұрынғы мұсылман мектебі» (XIX ғасырда салынған), 1963 жылы салынған «Конгресс холл», «Бозоқ қалашығы», Х-ХІХ ғғ.; 39 жергілікті маңызы бар (соның ішінде ансамбльдер мен кешендер – 1, киелі нысандар – 1, монументалды құрылыстар – 7, археология ескерткіштері – 7, қала құрылысы және сәулет ескерткіштері – 23).
Бөгенбай батыр, А.Пушкин ескерткіштеріне, Чернобыль трагедиясы құрбандарына, С.Сейфуллин мұражайының ғимаратына, «Астана» мүсіндеріне, «Жер-Ана» және «Астана жұлдызы» монументтеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді.