Елордада пандемияға қарсы акцияны қолдау мақсатында жаңажылдық жүгіру өтеді
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордада пандемияға қарсы акцияны қолдау мақсатында жаңажылдық жүгіру өтеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172107061449315984.webp)
ашық дереккөз
Жарысқа қатысуға тілек білдірушілердің бәрі шақырылады. Бағдарламада жаппай жүгіру және скандинавиялық жүріс бар. Негізгі қашықтық – 2022 метр.
Жарыстың мақсаты – елордада бұқаралық спортты дамыту, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтары арасында салауатты өмір салтын насихаттау және пандемияға қарсы бұқаралық спорттық акцияларға қолдау көрсету.
Жарыс 31 желтоқсанда «Қазақ елі» монументі алаңында өтеді. Басталуы 23:00-де, ал старт уақыты 23:20-да.
Шараны ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ұйымдастырады.
Ұқсас жаңалықтар