Нашақорлыққа қарсы бейнероликтер байқауының жеңімпаздары марапатталды
Байқауды Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы ұйымдастырды.
Жоба барысында конкурстық комиссия құрылды, оның құрамына: Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті нашақорлықтың алдын алу, есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасының ведомствоаралық үйлестіру бөлімінің бастығы Сергей Ильиных, нарколог-дәрігер, психикалық денсаулық орталығының психиатры Тоқтар Қойшыбеков, режиссер, продюсер Нияз Әбдіғаппар, "Есірткісіз болашақ" корпоративтік қорының атқарушы директоры Жандос Ақтаев, қоғамдық ұйым басшысы Марат Мұхамеджанұлы кірді.
Елордалық жастардан байқауға 76 бейнеролик келіп түсті, олардың ішінен 8 үздік бейнеролик таңдалды.
Конкурстық комиссияның шешіміне сәйкес:
1-орынды Шерхан Абдиев және Ғұмар Сұлтанбек алды;
2-орын – Әліби Мұқышев және Алтынай Бапанова;
3-орын - Арман Серікбай және Бекен Әлем;
Қосымша жүлделі орындар – Назерке Жукина және Таңшолпан Нысанбек.
Жеңімпаздар мынадай мөлшерде ақшалай қаражат алды:
1-орын – 300 мың теңге;
2-орын – 250 мың теңге;
3-орын – 200 мың теңге.
Қосымша 2 үздік бейнеролик 25 мың теңгеден ақшалай сыйлыққа ие болды.