Елордалық полицейлер қалта ұрысын ұстады (ВИДЕО)
Тергеу барысында анықталғанындай, кешкі уақытта автобусқа мінген қаскүнем артқы жақтағы орындықта ұйықтап жатқан әйелді байқайды. Содан қаскүнем әйелге қарай қысылысып жақындап, қалтасынан «Redmi» маркалы ұялы телефонын ұрлап алып келесі аялдамадан түсіп қалады.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті өз кінәсін мойындады, оның елорда аумағында осыған ұқсас бұрын жасалған қылмыстарға қатыстылығына тексеру жүргізіліп жатыр. Әдетте қалта ұрылары тек тола автобус ішінде немесе аялдамаларда ұрлық жасайды, – делінген хабарламада.
Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті қала тұрғындары мен қонақтарын қалта ұрыларының құрбаны болмас үшін қарапайым сақтық нормаларын сақтауды және қырағы болуды ескертеді. Адамдар көп шоғырланатын жерлерде болған кезде жеке заттарды мұқият қадағалап, сөмкені көз алдыңызда ұстап, қолжетімді жерлерде құнды заттарды алып жүрмей, ақшаны киімнің ішкі қалтасына салған жөн.