00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

1,5 мың елордалық жыл сайын қазақ тілін тегін үйренеді

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
1,5 мың елордалық жыл сайын қазақ тілін тегін үйренеді
ашық дереккөз

Басқарма басшысы Сәкен Есіркептің El-Orda Youtube-арнасына берген сұхбатында айтқандай, олар қазақ тілін түрлі деңгейлер бойынша арнайы әдіспен оқытады. Бір айта кетерлігі, олардың 40 пайызы – өзге ұлт өкілдері, әсіресе славян тектес ұлттар. 

Одан бөлек қызмет көрсету салаларында мемлекеттік тілді білмейтін азаматтар, кәсіпкерлер оқытылады.

Сауда орындарында, түрлі қызмет көрсету секторларындағы қызметкерлерден: «Мемлекеттік тілде сөйлеп тұрған адамға неге қазақша жауап бермейсің?» деп сұрасаң, «Мен тілді білмеймін» деген жауап аласың. Білмегенге бізде мынадай курстар бар деп оқуға шақырамыз. Бұл қарапайым ғана интенсивтік курс, бір ай көлемінде аптасына 3 рет 2 сағаттан өткіземіз. Күнделікті қолданатын қарапайым сөздер, мысалы: «Қош келдіңіз!, Қайырлы күн!, Саламатсыз ба?, Мұның бағасы осынша тұрады?, Бізде бұл жоқ немесе бар, Сау болыңыз, Келіп тұрыңыз» деген сияқты 100-ге жуық сөздердің әр сала бойынша тізімін жасадық, – дейді С. Есіркеп.

Қазір Нұр-Сұлтанда 20-дан астам оқыту курстары жұмыс істейді. Оларға сабақ оқытудан бөлек спикинг клабтар ұйымдастырылады.

 

 

Райхан Рахметова