00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Nur Otan-да елордадағы экологиялық мәселелер талқыланды

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Nur Otan-да елордадағы экологиялық мәселелер талқыланды
ашық дереккөз

Қоянды және Астана су қоймаларындағы балықтарды оттегімен қанықтыру және олардың жойылуына жол бермеу мақсатында жыл сайын қысқы уақытта аэрациялық іс-шаралар өткізіледі. Бір уақытта бірнеше учаскеде 16 мотопомпа іске қосылды, жұмыс кезеңінде 86 880 м3 (166 тәулік) су жіберілді. Аталған жұмыстар сапалы орындалуда, жыл сайын елорданың су айдындарында балықтардың қырылу саны азайып, оң нәтиже байқалады, – деді Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы басшысының орынбасары Айдын Бегімбеков.

Сондай-ақ, А.Бегимбековтің айтуынша, елордада биыл 1 065 568 дана ағаш отырғызылған. «Жасыл белдеу» аумағында 890 151 дана көшет отырғызылған.

Нұр-Сұлтан қаласы экологиялық кеңесі төрағасының орынбасары Шасалим Шагалимов Сарыбұлақ және Ақбұлақ өзендерінің жағалау белдеуін абаттандыра отырып, реконструкциялау, сондай-ақ қажет болған жағдайда орындарын ауыстыра отырып, үйінділерде 10 мобильді (жасырын) камера орнату мәселесін егжей-тегжейлі қарау қажеттігін атап өтті. Камералар iKOMEK қызметімен және Сергек камераларымен біріктірілуі керек екендігі де айтылды.