«Nur Otan» партиясының елордалық филиалында қоғамдық кеңестің отырысы өтті
Отырысқа «Nur Otan» партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары С.Сәдуақасов, Сарыарқа аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Әлімғазина, Құрылыс басқармасының басшысы Ә.Жанғасқанов, Білім басқармасының бөлім басшысы Н.Досжанов және кеңес мүшелері қатысты.
Күн тәртібінде Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы өңірлік Қоғамдық кеңестің отырыстарында берілген ұсынымдарының орындалуы бойынша есебі тыңдалды. Сондай-ақ, білім саласы бойынша «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасын іске асыру мәселелері қаралды.
Отырыс барысында Жол картасын іске асыру аясында мектеп құрылысы мәселелеріне ерекше назар аударылды. Жүйелі бақылау және сапалы талдау жүргізу мақсатында Жол картасы шеңберінде салынып жатқан білім беру объектілерін өңірлік Қоғамдық кеңес мүшелері арасында бөлу бекітілді, тұрақты негізде кеңес мүшелерімен құрылыс барысын қадағалау жүзеге асырылады, ұсынымдар әзірленеді.
2021 жылы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 15 мектеп пайдалануға беріледі. Бүгінгі таңда жол картасы аясында елордада жоспарланған 15 мектептің 9-ы ашылды. Жыл соңына дейін 6 мектептің құрылысын аяқтау жоспарлануда.