Елордада жезөкшелер притонын ұйымдастырған әйел ұсталды
Шара басталғалы бері тәртіп сақшылары 46 адамды анықтап, арнайы есеп алды. Жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық жасау үшін бөлмелерді жалға берген 4 тұрғынға айыппұл салынды. Тағы 29 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
«Полиция қызметкерлері жеңгетайлықпен айналысқан 40 жастағы әйелді ұстады. Ол массаж салоны ретінде ашқан бөлмелерінде жезөкшелікпен айналысатын притон ұйымдастырған. Әйел пайда табу үшін онда келушілерді интим қызметін көрсететін қыздармен жолықтырып отырған. Осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін қаладағы саунаның 23 жастағы әкімшісі де ұсталды. Тексеру барысында ақша мен айғақ дәлелдер анықталды», - деді полиция департаментінің өкілдері.
Қазіргі кезде ұсталғандарға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлері арнайы шара кезінде жеңгетайлық жасау және притон ұйымдастыруға қатысты 10 фактіні анықтады.