00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада жұмысқа әзірлік паспортын алмаған екі ЖШС-іне қатысты әкімшілік іс қозғалды

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада жұмысқа әзірлік паспортын алмаған екі ЖШС-іне қатысты әкімшілік іс қозғалды
ашық дереккөз

Әкімшілік істі қарау барысында, ЖШС уәкілетті орган белгілеген мерзімде күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алмағаны анықталды, қызмет алушыларға әзірлік паспортын жыл сайын 19 қазанға дейін алу қажет, бұл 2015 жылғы 2 ақпандағы №55 энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу ережелерінің 32 тармағын бұзу болып табылады.

Осыған байланысты Департамент ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 802-бабының 2-бөлігін басшылыққа ала отырып, уәкілетті орган белгілеген мерзімде жұмысқа әзірлік паспортын алмағаны үшін РМК-ды Кодекстің 301-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Департамент барлық энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдарға уәкілетті орган бекіткен уақытта күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қажеттілігін ескертеді.